6.04.2018, 10:15
Оқылды: 32

Қаратөбеде әскери басқару органдарының ғасырлық тойы мерекеленді

Қаратөбе аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде жергілікті әскери басқару органдарына 100 жыл толуына орай шара өтіп, сала мамандары мерейтойлық медальмен марапатталды.

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің инспекторы Айман Есенаманқызы 1918 жылы 8 сәуірде құрылған әскери комиссариаттың күні бүгінге дейінгі атқарылған жұмысына, қызмет еткен сала мамандарын, осы салада зейнетке шыққан ардагерлердің еңбектеріне тоқталып, мекеме тарихынан сыр шертті.

100 2Аталған шарада құттықтау сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан, зейнеткер Гүлзейнеп Жайлиева сала мамандарын айтулы мерекемен құттықтап, азаматтардың бойына Отанды қастерлеу, ұлтжандылық, патриотизм сезімдерін сіңірумен қатар қауіпсіздікті нығайту жолында қанаттары талмауын тіледі.

Мерекелік шарада айтулы датаға орай аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан осы салада абыройлы қызмет атқарып отырған подполковник Э.Халелов, азаматтық қызметшілер Б.Сағындықов, Г.Жакен, Б.Қарашов, А.Нығметов, А.Қапсалиқова, Қ.Амангелді, А.Еркештаева, А.Ғұмарова, Н.Класов, С.Нұрғалиеваларға мерейтойлық медальдар табыстады.

Шара соңында сала қызметкерлері майор Асанғали Табылдиевтің рухына белгі орнатқан жеріне гүл шоқтарын қойды.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале