8.10.2018, 15:58
Оқылды: 130

Қаратөбеде ауыл атауы жазылған белгі орнатылды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қаратөбе ауданы, Төлен мен Үшана құны 300 мың теңге тұратын елді мекен атауы жазылған белгі орнатылды. Төлендегі жобаға демеушілік жасаған ауыл азаматы Мұхамбетжан Жомартов.

IMG_5473

 

-Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені. Өскелең ұрпақ осындай игі істерден үлгі ала білсе, біз үшін зор мәртебе. Ең бастысы, осы белгі ауыл көркін ашып, сәнін келтіріп тұр. Бұл – халықтың қуанышы. Сондықтан, ауылыма қолымнан келгенше қол ұшын созып тұруға дайынбыз,- дейді Мұхамбетжан Жомартов.

         Ал Үшана ауылында жүзеге асқан жобаға демеушілік жасаған ауыл азаматы Біржан Қарашолақов. Көзі тірісінде істі қолға алған Біржанға ашылу салтанатын көру бұйырмады.

-Ауыл жастарының демеушілігінің арқасында ауылымыз көркейіп, дамып келе жатқанын мақтанышпен айтамыз. Шағын елді мекен болса да, ауыл халқы өте ұйымшыл. Осы кезге дейін де бірнеше игі істі бірлесіп атқарып келді. Ауыл аты жазылған белгіні орнатқан Біржан баламыз өзі болмаса да, артында игі ісі, өшпес ізі қалды. Ауыл тұрғындары азаматын ешқашан ұмытпай мақтанышпен еске алатын болады, - дейді ауыл ақсақалы Аман Жүсіпқали.

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

IMG_5463

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале