6.06.2017, 10:49
Оқылды: 64

Қаратөбеде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Қаратөбе ауданындағы орталық базарда Аққозы және Саралжын ауылдық округтерінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.


Бұл орайда өз кәсіптерін дөңгелентіп отырған кәсіпкерлерге жақсы мүмкіндік ашылды. Әсіресе, қой еті, сүт өнімдері мен қолдан пісірілген тәттілер жәрмеңкенің төрінен орын алды.

Елбасымыздың халыққа Жолдауында жергілікті атқарушы билікке шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету тапсырылған болатын. Аталмыш жәрмеңке кәсіпкерлерді қолдауға, ынталандыруға бағытталған шаралардың бірі десек те болады. Осындай шаралар кәсіпкерлердің және ауыл тұрғындарының өзара тәжірибе алмасуына, ой түйіндеуіне септігін тигізетіндігіне сенім мол.

Атап айтсақ, қой еті - 1100 тг, қаймақ - 2000тг, сары май - 2000тг, сүзбе - 500тг, қайнаған құрт - 1 ст. 200 тг, тәтті өнімдер бағасы  шак-шак -  350 тг, пирог - 600тг, кекс - 5 шт 300тг, торт - 800 тг бағаға шығарылды.

Жәрмеңкеден сөмкелерін толтыра шыққан халық осындай жәрмеңке жалғасын таба берсін деген ақ тілекпен үйлеріне тарасты.

 Айнұр АЙНАШОВА

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале