24.08.2018, 11:16
Оқылды: 54

Қаратөбеде азаматтарды бірыңғай қабылдау акциясы өтті

Karatobe kabyldau«Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру бойынша азаматтарды бірыңғай қабылдау республикалық акциясы өткізілді.


Аталмыш акцияға аудандық  жұмыспен қамту орталығының директоры Назира Жұмағалиева, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ермек Сайнов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Қарлығаш Байниязова, аудандық әділет басқармасының бас маман Сәния Омарова және аудан түрғындары мен жастар қатысты.

Жиында алғаш сөз сөйлеген «Нұр Отан»  партиясы  аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов шараның негізгі  мақсаты қабылдауға қатысушыларға бағдарламаны іске асырушы мемлекеттік органдармен арада диалог алаңын ұсыну екенін атап өтті.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының  директоры Назира Жұмағалиева қатысушыларға аталған бағдарлама бойынша  кеңінен ақпарат беріп, аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

- «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» екінші бағыты шеңберінде жаппай кәсіпкерлікпен айналысуға жағдай жасалуда.  Қазіргі таңда 18 адам несие алып, өз кәсіптерін ашып, жұмыстануда. Несие алғандардың басым көпшілігін жастар құрайды. Бүгінгі таңда 9 адамның құжаты мақұлданып, берілетін қаражаттын күтуде, - дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ермек Сайнов.

Жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға сала мамандары тиісінше түсінік берді.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале