8.08.2018, 12:50
Оқылды: 110

Қаратөбеде балалар ойын алаңы ашылды


Қаратөбенің орталығында кәсіпкерлердің қолдауымен балалар ойын алаңы ашылды. 


Қаратөбе ойын 2 (1)

Шараның салтанатты ашылуында сөз алған Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғалымгерей Қайырғалиев:

­            –  Ауданымызда кәсіпкерлердің демеушілігімен игі істер жалғасын табуда. Дәл қазір жаңа саябақтағы балалар ойын алаңының ашылуына куә болып отырмыз. Алаңда  ата-аналар бүлдіршіндерін ойнатып, өздері де  субұрқақтың жанында демала алады, - деді.

Алаңға демеушілік еткен «Burakz» ЖШС жетекшісі Талаптан Дауылтаев құрылысқа 1 млн. теңге жұмсаған.

 Алаңда сырғанақ, әткеншек және керме сынды қондырылғылармен қоса арнайы құм төгілген жер де бар.

Шарада ауыл тұрғыны Звайра Жақсығалиева шашу шашса, ауыл кәсіпкері Танат Ізтілеуов балғындарға тәттілер таратты.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

IMG_2067

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале