8.04.2019, 10:25
Оқылды: 31

Қаратөбеде «Бастау бизнес» оқу-семинары өтуде

Қаратөбе ауданында «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау палатасының «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқу-семинары өтті. 

 IMG_4082

Ауданда «Бастау Бизнес» жобасына қатысып, жеке іс бастаудың жолын үйренген тұрғындар саны көбейіп келеді. Былтыр «Бастау бизнес» жобасымен 202 адам тегін оқып, кәсіпкерліктің әліппесін үйренген болатын. Осы білім жетілдірген ынталы топ арасынан алғашқы бизнес бастамаларын ұсынып, мемлекет тарапынан қаржылай қолдауға ие болған адамдар да бар. Былтыр 53 қатысушы несие, 4 қатысушы 100 АЕК грантқа ие болды.

Оқу-семинарда аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан, БҚО кәсіпкерлер палатасының Қаратөбе ауданындағы филиалының директоры Асхат Тойшыбаев сөз сөйлеп, мемлекеттік бағдарламалар арқылы кез-келген адам өз кәсіптерін ашып, дамытуға толық мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Ең алдымен жоспар құрып, жобаларды қорғап мемлекеттік қайтарымсыз гранттарға ие болуға болады.

Арнайы оқуға ауылдық округтерден өтініш білдірген 30 адам оқытылуда. Оларға тренер Жанат Тлесова 20 күн дәріс береді.

Бизнестің кәсіпкерлік қызмет негіздерін, бизнес-идеяны маркетингтік талдау, кәсіпкерлердің агробіліктілік негіздері, бизнес-жоспар жасау әдістемесі мен қаржылық жоспарлауды, бизнесті құқықтық сүйемелдеу және мемлекеттік қолдау бағыттары үйретіледі. Оқуға жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатыса алады.

Сәуір-мамыр айларында кәсіптік оқытудың ІІ, ІІІ кезеңдері жалғаспақшы.

Бизнес семинарына қатысушыларға бір ай оқығандығын растайтын сертификат беріліп, шәкіртақы төленеді.

IMG_4085

Тоты Есқайырова,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале