4.02.2020, 18:09
Оқылды: 68

Қаратөбеде «Бастау» community орталығы ашылды

Бүгін Қаратөбеде аудандық мәдени-демалыс орталығы мен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Бастау» community - орталығының ашылу салтанаты өтті.

qaratobe (3)

Аталған орталыққа жас мөлшеріне қарамастан кез келген ауыл тұрғыны келіп, қалаған үйірмелеріне қатысып, бос уақытын тиімді өткізе алады. Мұндай community-орталықтар облыс әкімінің бастамасымен өңіріміздің барлық аймақтарында құрылуда.

– Үлкен-кішімізге демалыс уақыттарында өз замандастарымызбен бірге түрлі өнерді, қолөнерді, дәстүлі ойындарды, танымдық дүниелерді бойға сіңіруге мүмкіндік беретін осындай community-орталықтар. Жастар мен аға буынның да осы орталыққа келіп, шығармашылықпен айналысуларына  енді толық жағдай  бар, - деді Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Айдос Әмірғали.

qaratobe (2)

Айта кетелік, заманауи үлгідегі  мәдени-ағарту орталығының салтанатты ашылуында лента қию рәсімі округ әкімі Айдос Орынбайұлы мен комьюнити-орталықтың «Шебер қолдар» үйірмесінің ерікті жетекшісі Жаңыл Мамбетияроваға берілді.

«Бастау» community -орталығының жетекшісі Рысгүл Жұмағалиеваның айтуынша, мұнда ісмерлікке үйрететін «Шебер қолдар», вокал жанрына арналған «Кел, шырқайық!», «Гитара сазы», «Қазақ үні», отбасы мәселелеріне арналған «Көршімен тату болайық», «Асыл аналар», қолөнерге  арналған «Алтын оймақ» үйірмелері жұмыс жасайды.

Сонымен, осынау үйірмелерге қатысып, бос уақытын тиімді өткізуге ниеттенген жандар үшін орталық  қызмет көрсетуге әзір.

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале