25.01.2019, 16:01
Оқылды: 18

Қаратөбеде былтыр 27 іс қысқартылған

Қаратөбе аудандық сотының төрайымы Бақытгүл Жәңгірова сот төрелігін жүзеге асыру бойынша 2018 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылаған брифинг өткізді.

 qaratobe sot (2)

Брифинг барысында қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді қарау бойынша өткен 2018 жылдың есебі тыңдалды.

Бақытгүл Жәңгірованың айтуынша, былтыр Қаратөбе аудандық сотымен барлығы 25 тұлғаға қатысты 20 қылмыстық іс қаралып, 9 үкім шығарылған. Оның ішінде 13 тұлғаға қатысты айыптау үкімі,12 тұлғаға қатысты 11 қылмыстық іс қысқартылып, оның 10-ы медиация тәртібімен тоқтатылған.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда былтыр 12 ай ішінде аудандық соттың қарауына 112 талап арыз, 1 азаматтық іс бойынша түскен. 113 азаматтық іс қаралып, 14 сот бұйрығы, 69 сот шешімі қабылданған, 27 іс қысқартылған, 3 азаматтық іс соттылығы бойынша басқа соттың қарауына жолданыпты.

Аудандық сотқа 210 әкімшілік іс түсіп, 209 әкімшілік қаралған, 1 іс соттылығы бойынша жолданған. Осы қаралған әкімшілік істердің 36-сы бойынша өндіріс қысқартылған, ал 173 іс бойынша барлығы 173 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Басқосуда Бақытгүл Шабайқызы сот жүйесіне енгізілген өзгерістерге тоқталып, билер кеңесі туралы ережені  айтты. Билер мен би кеңесінің негізгі міндеттері кеңінен талқыға түсті.

qaratobe sot (1)

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале