3.03.2017, 16:12
Оқылды: 48

Қаратөбеде дәстүрлі ән бағыты бойынша дәріс беретін маман жетіспейді

 

Қаратөбе аудандық мәслихатында қоғамдық ұйым басшыларының қатысуымен балалардың бойына ұлттық музыка өнерін дамыту бағытында депутаттардың отырысы өтті.

Комиссия отырысында аудандық саз мектебінің директоры Аягүл Бисенғалиева 2016 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, ауданда дәстүрлі ән бағыты бойынша дәріс беретін маман жетіспейді.

Жиналыста сөз алған аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нәжім Дәулетов, аудандық мәслихат депутаттары Нұрлан Меңдешов, Әмірбек Жәнібеков, Нұрлан Оразов өз пікірлерін ортаға салды.

 

Маралбек АМАНТАЕВ,

Қаратөбе ауданы

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале