23.08.2017, 11:11
Оқылды: 22

Қаратөбеде демеушілер тобын құру жоспарлануда  

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жүзеге асырылуы туралы Қаратөбеде дөңгелек үстел өтті.


Бағдарламада белгіленген «Атамекен» жобасы бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов ірі кәсіпкерлердің басын қосқан демеушілер тобын құру жоспарланып отырғанын айтты.

- Топ құрамындағы қалталы кәсіпкерлер бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауылдағы маңызды әлеуметтік нысандардың құрылысына, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету сынды жұмыстарды қолға алатын болады. Бұл бағытта Орал қаласында «Жомарт жүрек» жобасы аясында қаратөбелік кәсіпкерлер кездескен болатын.

Сонымен қатар сала мамандары «Рухани қазына», «Тәрбие және білім» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. «Ақпарат толқыны» жобасы аясында «Қаратөбе өңірі» газеті жұмыстануда.

- Елбасы мақаласы жарияланғаннан кейін «Қаратөбе өңірі» газетіне «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мен ақпараттандыру бағытында жүргізіліп жатырған жұмыстар турасында бүгінгі таңда 13 мақала жарияланды. Газеттің фейсбук парақшасында 51 ақпарат жарық көрді.

Сәуір айында облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттеріне аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нәжім Дәулетовтің «Депутаттар ел ішінде, халық арасында», аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің библиографы Эльмира Есқайырованың «Жарқын болашаққа бастайды» пікірлері мен мақалалары басылды. Сондай-ақ «Жайық Пресс» сайтында да ақпараттар жарыққа шықты, - дейді «Қаратөбе өңірі» газетінің директор-редакторы Ертай Сағындықұлы.

Маралбек АМАНТАЕВ,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале