17.04.2017, 10:10
Оқылды: 17

Қаратөбеде дзюдодан облыс чемпионаты мәреге жетті

 Қаратөбе ауданында дзюдо күресінен 2002-2004 жылғы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Батыс Қазақстан облысының чемпионаты мәреге жетті.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қаратөбе ауданының әкімдігінің ұйымдастыруымен жалауын көтерген байрақты бәсеке үш күнге созылды. Дүбірлі додаға Орал қаласынан және өңірдің 11 ауданынан командалар қатысты.

Үш күн бойы дзюдо күресінен жасөпірімдер арасындағы мықтыларды анықтаған бәсекеде балғын спортшы ұлдар 10 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасса, қыздар 8 салмақ дәрежесі бойынша белдесу өткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында І орынды 34 келі салмақ дәрежесінде Б.Чабдар («Жекпе-жек» ОРМБЖМ), 38 келі салмақта Ш.Батыр (Сырым ауданы), 42 келі салмақта А.Хасан (Спорт интернат), 46 келі салмақта А.Ерешов (Теректі ауданы), 50 келі салмақта Н.Зайзағалиев (Спорт интернат) иеленсе, 55 келі салмақта Т.Нұрғалиев (Спорт интернат), 60 келі салмақта О.Бақыт (Орал қаласы), 66 келі салмақта, Р.Самиғоллиев (Бөрлі ауданы), 73 келі салмақта Д.Талапкеров (Теректі ауданы) және 73 келіден жоғары салмақта Н.Аманов (Орал қаласы) жеңімпаз атанды.

Ал қыздар арасындағы белдесуде 36 келі салмақ дәрежесінде А.Мұрадымова (Қазталов ауданы), 40 келі салмақ дәрежесінде А.Хасенқызы (Қазталов ауданы), 44 келі салмақ дәрежесінде Л.Нұрғалиева (№4 БЖСМ), 48 келі салмақ дәрежесінде А.Мұстафина (Бөрлі ауданы) баптары келісіп І орынды иеленді. Жасөспірім қыздар арасындағы 52 келі салмақта А.Опиева (Спорт интернат), 57 келі салмақта Г.Сембиева (Спорт интернат), 63 келі салмақта Р.Сүлейменова (Бөрлі ауданы), 63 келіден жоғары салмақ дәрежесінде К.Такиева жеңімпаз атанды.

Спорттық додада жеңімпаз және жүлдегер атанғандарға арнайы медальдар мен дипломдар табысталды.

Айта кету керек, облыстық чемпионатта жеңімпаз атанған жасөспірім спортшылар республикалық додаға жолдама алды.

 Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале