30.10.2019, 17:23
Оқылды: 222

Қаратөбеде Еңсеп палуанды еске алуға арналған республикалық турнир өтуде

Бүгін Қаратөбе ауданында 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен тұңғыш абсолюттік чемпион Еңсеп Досқалиевті еске алуға арналған республикалық турнир басталды.

qaratobe (3)
Аталмыш турнирге көршілес Ақтөбе, Атырау облыстарынан және Орал қаласынанан, облыс аудандарынан 8 түрлі салмақ бойынша 220-ға тарта жас палуан қатысуда.

qaratobe (1)
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Иманғалиев:
– Қасиетті Қаратөбеден көптеген спорт саңлағы шығып келеді. Солардың қатарында кеше ғана қол күресінен үлкен жетістікке жеткен Ержан Ерболаттың жеңісін мақтан етуге болады. Еңсеп бабамыздың ізбасарлары да жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Бұл аудан спортын дамытудағы аудан спортшыларының жемісті еңбегі. Еңсеп палуанның күрес өнеріндегі еңбегін дәріптеу мақсатында өткізіліп жатқан тунирге қатысушыларға, спорт жанашырларына табыс тілеймін, - деді Рашит Нәсіпқалиұлы.

qaratobe (2)

Ерболат Райсов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале