25.07.2017, 15:25
Оқылды: 27

Қаратөбеде кəсіпкерлер көбеюде

Karatobe kasipkerlik  Қаратөбе ауданы кәсіпкерлер палатасы жанындағы аудандық кеңес және іскер әйелдер кеңесі мүшелерімен, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерімен кездесу кеңесі өтті.

       Отырысқа төрағалық еткен аудан әкімі Жанат Асантаев күн тәртібіне бірнеше мәселе қойды.


    – Жыл басынан бері өз істерін бастап, мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алған кəсіпкерлердің қатары көбеюде. Филиалдың сүйемелдеуімен «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ арқылы «Береке» бағдарламасымен 11 жеке кәсіпкер 33,6 млн теңге несие алды. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында несие алатын кәсіпкерлерге кеңес беріп, құжаттарын жинауға көмек көрсетудеміз, -деді БҚО кəсіпкерлер палатасының Қаратөбе ауданындағы филиалының директоры Асхат Тойшыбаев.

     Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Есенжол Ғабдыраш және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов ауыл шаруашылық кооперативтерін құру турасында түсінік жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, ауданымызда кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын сөз етті.

     Батыс Қазақстан облысы кəсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Серікұлы кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мақсатында және кәсіпкерлікті дамытуға қатысты салалардағы өзгерістер туралы әкімшілік кедергілердің алдын-алуы жөнінде баяндады. Жиын соңында аудан кәсіпкерлері тиісті мекеме басшыларына  өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, толымды жауап алды.

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале