4.10.2017, 11:26
Оқылды: 20

Қаратөбеде қарияларға құрмет көрсетілді

Халықаралық қариялар күні мерекесіне орай Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев ауданның дамуына үлес қосқан қарияларға құрмет көрсетті.


«Чингиз» мейрамханасында жайылған мерекелік дастарқанда ардагер ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарды мерекелерімен құттықтаған аудан әкімі Жанат Асылханұлы өмiрде түйген даналықтары мен тәжірибесі мол қариялармен босқосудың маңыздылығына тоқталып, абзал жандардың дендеріне саулық, отбасыларына амандық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Мерекелік кездесуде сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нәжім Дәулетов барша қарияларды айтулы мерекемен құттықтады.

Данагөй қарияларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері сазды сәлемдемелер жолдап, мереке көркін аша түсті. Тағылымы мол кездесу соңында көнекөз қарттарға, әз әжелерге сыйлықтар табыс етілді.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале