1.10.2018, 12:41
Оқылды: 65

Қаратөбеде қарттар сайысқа түсті

 Қаратөбе аудандық спорт клубының ұйымдастырумен 1 қазан – Қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл  қазынам» атты шахмат, дойбыдан жарыс өтті.

qaratobe (1)

Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудандық тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Венера Шоқанқызы жарысқа қатысушыларды мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысында ерлер арасында дойбыдан Марат Тажаяқов І орын (Шөптікөл ауылы), Әділхан Еркебаев ІІ орын (Қарақамыс ауылы), Дархан Оңайбаев ІІІ орынды (Ақтайсай ауылы) иеленді. Ал шахматтан І орынды Орақ Сәндібеков (Қарақамыс ауылы) алса, ІІ орынды қаратөбелік Сайлау Саристеков, ІІІ орынды Қайырғали Рамазанов (Ақтайсай ауылы) иеленді.

Әйелдер арасында дойбыдан І орынды қарақамыстық Сандуғаш Хамидуллина алды. Ал ІІ орын ақтайсайлық Жазира Рамазановаға, ІІІ орын шөптікөлдік Ирина Шабдароваға бұйырды.

Жарыс жеңімпаздары дипломмен  және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале