26.10.2017, 15:00
Оқылды: 22

Қаратөбеде кәсіподақ ұйымының белсенді өкілдері марапатталды

Бүгін Қаратөбе ауданында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талдауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгөлек үстелде сөз алған аудандық білім беру қызметкерлерінің  кәсіподақ ұйымының төрайымы Гауһар Жақияқызы:

- Ауданның білім беру саласында ертеңгі елдің тұтқасын ұстар ел азаматтарын ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында оңтайлы жұмыстар атқарылып келеді.

Елбасының «Туған жер» кіші бағдарламасы негізінде жазғы кезеңде Егіндікөл ауылындағы «Жасыл желкен» лагерінің демалушылары аты аңызға айналған Аққұм жеріне және Құныскерей үңгіріне саяхат жасап, сапар шекті. Сонымен қатар, Астана қаласында өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін 230 оқушы тамашалап келді.

Елдің болашағы жарқын, келешегі кемел болуы жолында жасалынған бағдарламалар мен жоспарлар әрі қарай жалғасын тауып, сапалы жұмыстар атқарыла бермек, - деді.

Кезегінде сөз алған БҚО білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының заңгер-кеңесшісі Гүлжанат Құрманғазиева Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында іске асырылып жатқан игі істерді және БҚО білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ағымдағы жылы атқарылған жұмыстары жөнінде баяндады.

БҚО білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Марат Даупаев республикалық орталық комитетінің алғыс хатын көп жылдар білім беру саласына еңбегі сіңіп, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін Қаратөбе мектеп-гимназиясының мұғалімі Алмажан Жұмағалиеваға табыстады.

БҚО білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен Егіндікөл ЖОББМ бастауыш кәсіподақ төрағасы Дархан Жұбанышов, Қалдығайты ЖОББМ бастауыш кәсіподақ төрайымы Сәнім Аронова марапатталса, аудандық білім беру қызметкерлерінің қазынашысы Дина Саматқызы алғыс хатпен марапатталды.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале