11.02.2020, 12:11
Оқылды: 96

Қаратөбеде қазақ күресінен облыстық ашық турнир өтті

Қаратөбе ауданында спорт ардагері, қазақ күресінен және еркін күрестен облыс чемпионы Өтеміс Тажғалиевті еске алуға арналған қазақ күресінен облыстық ашық турнирі өтті.

 qaratobe (1)

Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалымгерей Қажыгерейұлы палуандарға сәттілік тіледі. Еске алу турниріне Өтеміс Дәметқалиұлының замандастары, ұл-қыздары қатысты.

 Аталмыш турнирге көршілес Атырау облысы Қызылқоға ауданы және Сырым, Бәйтерек аудандарынан, сонымен қатар ауданның ауылдық округтерінен де балуандар келді.

Турнирдің бас төрешісі Жасұлан Тілектесұлы жарыстың ережесімен таныстырды.

qaratobe (2)

Жауырыны жерге тимеген боз кілем шеберлері шаршы алаңның шаңын шығарып, көрерменнің көзайымы болды. III орынды иеленген қаратөбелік Нұрымжан Ғаббасов 40 мың теңге, II орын алған аққозылық Наурызбек Өтеуов 60 мың теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Боз кілем көрігін қыздырған балуандар арасынан шын мықты болып танылған сырымдық Темірлан Ғаббасов жүлдеге тігілген 100 мың теңгені және Өтеміс Тажғалиевтің есімі жазылған белдікке ие болды.

qaratobe (3)

Ардагер спортшының ұрпақтары аталмыш турнирді екі жылда бір рет өткізіп тұрмақ.

Тұрсынай Нағымова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале