3.03.2017, 18:17
Оқылды: 26

Қаратөбеде қоғамдық монша пайдалануға берілді         

 

Күрделі жөндеуден өткен қоғамдық моншаның жұмысымен танысуға келген аудан әкімі Асхат Шахаров жаңаша кейіпке енген  нысанды аралап көрді.


Қоғамдық монша бір уақытта 50  адамды қамтиды. Моншаның ішінен сусын ішетін орын және моншаға қажетті заттар сататын шағын дүкен жұмыс жасауда. Мұнда 8 жұмыс орны ашылған. Жаңа жуынатын орынның жұмыс уақыты да ыңғайлы. Бұнда қаратөбеліктер сенбі-жексенбі күндері сағат ертеңгі 09:00-ден кешкі 22:00-ге дейін келе алады.

Ауыл тұрғындары қоғамдық моншаның күрделі жөндеуін қолға алған «Әлібек» шаруа қожалығының жетекшісі Айбар Бірәлиевке дән разы.

Күн жылына кәсіпкер қоғамдық моншаның алдын абаттандыруды жоспарлап отыр.

Маралбек АМАНТАЕВ,

Қаратөбе ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале