17.01.2019, 13:07
Оқылды: 27

Қаратөбеде қол күресіне байланысты семинар өтті

Қаратөбе ауданында қол күресінің әдіс-тәсілдері мен жалпы ережелері турасында семинар-кеңес өтті.

qaratobe (4)

        

Семинарда жаттықтырушылар, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері және спорт әдіскерлері қатысып, тәжірибе алмасты.

         Жиында сөз сөйлеген аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалымгерей Қайырғалиев, «Қаратөбе» спорт клубының директоры Екпін Тналиев ауданда қол күресі спортының дамуы жоғары деңгейде екендігіне тоқталды

         - Аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұрқат Нысановтың шәкірттері Азия чемпионаттарына қатысып жүлделі орынға ие боп жүр. Тәрбиеленушілерді күнделікті жаттықтырып, тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдау керек,- деді Е.Тналиев.

         Бас қосуда жаттықтырушылардың спортшыларға күнделікті оқу-жаттығу уақыты, жарысқа дейінгі және жарыстан кейінгі уақытта психологиялық тұрғыда қолдауға кеңес берілді. Жас спортшылар жеткен жетістіктері көрсетілген көрме ұйымдастырылды.

         Семинарға қатысушыларға сертификат берілді.

qaratobe (3) qaratobe (1)

Тоты Есқайырова,

Қаратөбе ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале