20.10.2017, 15:35
Оқылды: 40

Қаратөбеде қол күресінен аудан біріншілігі өтті

Қаратөбе аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде «Рухани келісім» айлығы аясында мектеп оқушылары арасында қол күресінен аудан біріншілігі мәреге жетті.

Спорттық  доданың ашылу  салтанатында сөз алған «Нұр Отан»  партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының орынбасары Нұрлан Оразов жарысқа қатысушыларды айтулы мерекелерімен құттықтап, жанына  спортты серік еткен жас буын спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа 11 команда қатысып,  140-қа жуық қара күш иесі қатысқан жарыста 12 салмақ дәрежесінде сынға түсті.

2000 жылы туған және одан кіші жасөспірім ұлдар арасында 25 келі салмақ дәрежесінде І орынды Ерхан Асқар (Қаракөл мектеп балабақшасы), 30 келі салмақта Дастан Құсан, 35 келі салмақта Дияс Октябрь иеленді.

Ал 40 келі салмақта Дияс Жұмағали (аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі), 45 келіде Жоламан Шаймардан (Қаратөбе колледжі), 50 келі салмақта Ержан Ерболат, 55 келі салмақта Әли Шайжанов (аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі) жеңіс тұғырынан көрінді.

60 келі салмақта Нұрсұлтан Беріков, 65 келі салмақта Наурызбек Қуандықов (Қоскөл), 70 келі салмақта Әлихан Есқабыл (Қаракөл), 75 келі салмақта Алмаз Өтеғали (Қоскөл), +75-тен жоғары салмақ жәрежесінде Бөкенбай Оңалбаев (Қаратөбе мектеп-гимназиясы) ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар табысталды.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале