23.08.2018, 17:58
Оқылды: 22

Қаратөбеде көлік апатынан екі адам қаза тапты

22 тамыз күні сағат 21.30 шамасында «Қаратөбе -Сулыкөл» жолының 27-інші шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды.

 Оқиға Қаратөбе ауданына қарасты Соналы ауылының тұсында орын алған. «Renault Duster»  маркалы автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмауы салдарынан аударылып, көлік ішінде болған екі адам оқиға орнында қаза тапқан.

Көлікте болған азаматардың біреуі Соналы ауылының тұрғыны болса, екіншісі Сулыкөл ауылдық округіне қарасты Үшана ауылының тұрғыны, -дейді Қаратөбе ауданының ТЖБ бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Ысқақов.

Жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

*сурет ғаламтордан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале