11.01.2019, 18:27
Оқылды: 31

Қаратөбеде қос ұстаздың мерейтойы тойланды

Бүгін Қаратөбе ауданында ұрпақтарға үлгі болып, ауданның білім саласында ұзақ жыл қызмет еткен Абай Мұхитов пен Клара Көбенқұлованың 70 жылдық мерейтойы аталып өтті.

 IMG_0081

Ұстаздықтың дара жолын салып, өмір жолына бағыт берген, келешегіне үміт артып, кемел күнге қарай жөн сілтеген аяулы ұстаздардың құрметіне арналған «Өнегелі өмір иесі» атты кездесу кешіне аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтан, қос ұстаздың замандастары, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты.

Абай Шыныбекұлы мен Клара Кенжегерейқызы еңбек жолдарын қарапайым мұғалім болып бастап, білім кеңістігінде қанаттарын кең жайды. Кейіннен мектеп директоры, аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарынған Абай Шыныбекұлының білім саласындағы еңбегі де елеусіз қалған емес. Қызметте де, өмірде де жұптары жазылмаған жандар бүгінде зейнеттегі сүйікті ата-ана, қадірлі замандас, аяулы ата-әже.

Салтанатты шарада өнегелі өмір иелері өздерінің білім саласындағы елеулі еңбек жолдары, отбасы туралы сыр шертті. Кеште Абай Шыныбекұлымен қызметтес болған замандастары, аға буын өкілдері Орынғали Ермекқалиев пен Мақсот Ермеғали сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.

Аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Кәрелұлы аудан әкімінің құттықтау хаты мен сый-сыяпатын табыс етті.

Кеш барысында аудан өнерпаздары сазды сәлемдерін жолдап, көрерменді әсем әнмен тербеді.

Ажаргүл Әлиева,

Қаратөбе ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале