24.12.2018, 17:18
Оқылды: 13

Қаратөбеде қосымша білім беру ұйымдарына 100 жыл толуына орай аудандық форум өтті

 «Талант. Шабыт. Талап» деп аталған шарада Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының, Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінің, Қаратөбе балалар саз мектебінің құрылғаннан бергі тарихынан сыр шертіп, жетістіктері туралы бейнекөрсетілім тамашаланды.

IMG_9161

Салтанатты шарада қосымша білім беру ұйымдарының ардагерлері мен педагогтарын мерекемен құттықтаған аудан әкімі Жанат Асантаев баланың білім алуымен қатар толыққанды тұлға болып қалыптасуына зор ықпалын тигізіп жүрген ұстаздарға алғыс білдіріп, толайым табысқа жете берулеріне тілектестігін жеткізді.

Жанат Асылханұлы облысымыздағы білім беру саласына және дарынды балалардың табысқа жетуіне үлес қосқаны үшін Еркебұлан Ғабдуллинге облыс әкімінің алғыс хатын табыс етті. Сонымен қатар шығармашылық ізденісі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жемісті еңбекгі үшін облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, аудан әкімінің алғыс хатымен бірқатар сала маманы марапатталды.

Мерекелік кешке қонақ ретінде арнайы шақырылған ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, сый-сияпат берілді.

Жиында Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының ардагер-ұстазы Мәжит Нүрекешов сөз сөйлеп бастапқыда қосымша білім беру ұйымын ашып, жұмысын жүргізу оңай болмағанын айтып, сала педагогтарына шығармашылық табыс тіледі.

Ауданның абыройын асқақтатып облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардан жүлде алған қосымша білім беру ұйымдарының шәкірттері құрметпен сахна төріне шақырылып, жетістіктері аталды.

IMG_9198

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале