17.01.2020, 11:48
Оқылды: 77

Қаратөбеде «Құстарға қамқор болайық» акциясы өтті

Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығы педагогтарының ұйымдастыруымен «Құстарға қамқор болайық» атты акция өтті.

 qaratobe (2)

Акция оқушыларды құстарға және қоршаған ортаға қамқорлық жасауға, экологиялық білімін жетілдіріп, өлкеде қыстап қалатын құстарға қамқор болуға шақырады.

Жер бетінде 8 600-ге жуық құстың түрі бар десек, елімізде 500-дей түрі кездеседі екен. Ал жергілікті жерде шымшық, торғай, кептер, суықторғай, қарға, сауысқан ұшпай қыстап қалады.

qaratobe (1)

– Аталған акцияға орталықтың педагогтары мен үйірме оқушылары қатысты. Үйірме оқушылары құстарға арнап жемшашар мен үйшіктер жасап, орталық саябаққа ілді. Алдағы уақытта ұялар үйірме оқушыларының бақылауында болады, - дейді Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының ұйымдастырушы педагогы Гүлнұр Габдушева.

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале