22.05.2018, 14:50
Оқылды: 34

Қаратөбеде мәдениет қызметкерлері арасында жарыс өтті

IMG_8179Қаратөбе ауданында мәдениет қызметкерлері арасында «Көңілді күн» атты спорттық ойын өткен болатын.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен спорттық ойында қатысушылар 3 топқа бөлініп, спорттың бірнеше түрінен сынға түсті. Ойын шарттары бойынша олар кедергілер арасынан доп алып жүру, допты аяқтың арасынан өткізу, қапшықпен секіру, кедергілер арасымен өрмекше жүру, допты нысанаға дәл тигізу, баспен доп ойнау (жетекшілер сайысы) сияқты кезеңдерді бағындырды.

Жарыс нәтижесінде «Алға» командасы қарсыластарынан оқ бойы алға шығып, І орынды иеленді. ІІ орынды «Серпін» командасы еншілесе, ІІІ орын «Жалын» командасына бұйырды.  Жекелей ойыншылар арасында Рустем Ақташов, Ербол Рамазанов, Кенжегүл Малдуовалар үздік атанды.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале