22.05.2018, 11:24
Оқылды: 21

Қаратөбеде мәдениет қызметкерлері марапатталды

IMG_8154Қаратөбе ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Иманғалиев 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай мәдениет қызметкерлерін арнайы қыбылдады.

 Кездесуде аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Нәсіпқалиұлы:

– Халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрлері дәл осы мәдениет деген асыл ұғыммен астасып жатыр. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік , рухы да жоғары болады.

Сонымен қатар мәдениет – адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Мәдениеттің өзекті бөлігі – өнер. Шынында да өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі. Мәдениет пен өнер – қоғам дамуының негізгі қажетті саласы.

Сіздерді мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!- деді.

Одан соң бірқатар мәдениет қызметкерлері облыс әкімінің міндетін атқарушы Игорь Стексов, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Иманғалиев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мербол Есендосовтың атынан алғыс хаттармен марапатталып, естілік сыйлықтар табыс етілді.

Шара соңында Ақтайсай ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі Ерболат Рамазанов барша мәдениет қызметкерлеріне әрдайым қолдау көрсетіп келе жатырған аудан басшылығына алғысын жеткізді.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале