8.12.2017, 15:47
Оқылды: 52

Қаратөбеде мақал-мәтел жарысы өтті

Қаратөбе колледжінде «Мың бір мақал» сайысы оздырылды.

Бұл шараға Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Қаратөбе колледжі, Шөптікөл орта мектебінің және аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің командалары қатысып, өзар бақ сынасты.
Мақал-мәтел сайысы бес кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде жұмбақ жасырылып, жауабына сай мақал-мәтел құрастырылса, екінші кезеңде күнделікті өмірде қолданылып жүрген мақал-мәтелдердің мағынасын ашу болды. Ал үшінші сұрақ-жауап кезеңінде командалардан жеке-жеке қатысушылар шығып, сұрақтарға жауап берді.
Төртінші кезеңде мақал-мәтелдің жалғасын тапса, бесінші кезең ән-жұмбақ сайысында жасырылған әндерді табу шарты қойылды.
Қатысушылар шараға тыңғылықты дайындалып келгені, сайыс барысында байқалды. Сонымен қатар колледж студенттері ән шырқап, сазды сәлемдерін жолдады.
Сайыс қорытындысы бойынша, жүлделі І орынды Қаратөбе колледжінің командасы жеңіп алса, ІІ орынды Қаратөбе мектеп-гимназиясының ойыншылары иеленді. Шөптікөл орта мектебінің командасы ІІІ орынға тұрақтап, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Сайысқа қатысушы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің командасы алғыс хатпен марапатталды.

Раушан МЕРГЕНОВА,
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале