9.04.2018, 15:27
Оқылды: 44

Қаратөбеде мекемелер арасында өнер фестивалі өтті

Қаратөбеде Астана қаласының 20 жылдығы, ауданның 90 жылдық мерейтойларына арналған мекемеаралық өнер фестивалінің кезекті сазды кеші өтті. Мерейлі даталарға орай ұйымдастырылған кезекті өнер фестивалі жоғары деңгейде өтіп, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Сазды кеште 90 жылдық тарихы бар туған жер тарихынан сыр шертер қойылым көрсетілді.

Ән ордасына айналған қасиетті өлкенің киелі сахнасында өнер көрсеткен Жасұлан Рамазанов «Абайлаңыздар!», Мұхтар Амандықұлы «Ауылды аңсау», Ажаргүл Қыдырниязова «Туған өлке», Санат Зейнуллин «Байтақ ел» әндерін әуелете шырқаса, мың бұралған «Шалқыма» би тобы түрік, татар, қазақ және халық биі «Қара жорға» билерін билеп берді.

Кеште өмірдің мәні мен нәрін ақындық өнерден тапқан жерлес ақындарымыз Сағынғали Сейітов, Шолпан Қыдырниязова, Ертай Бимұхановтың жүрек төрінен орын алған туған өлкесіне арнаған жыр шумақтары оқылса, әр салада қызмет еткен сала ардагерлерінеде құрмет көрсету шет қалмады.
Мәдениет үйін әсем əн ырғағына бөлеген кеш соңы мекеме қызметкерлерінен құрылған хор «Қаратөбем!», «Нұр-аға» әндерімен қорытындыланды.

Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале