14.09.2018, 9:36
Оқылды: 81

Қаратөбеде мемқызметкерлер медициналық тексеруден өтті

Қаратөбе ауданы әкімі аппараты ғимаратында мемлекеттік мекеме қызметкерлері тегін медициналық тексеруден өтті.

 Qaratobe (2)

Қазақтан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндамасына сәйкес аймақтарда мемлекеттік қызметкерлерге арналған денсаулық сақтау қызметтерін жақсарту көзделген.

Облыста мемлекеттік қызметкерлердің денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында жыл сайын тегін профилактикалық қарауды ұйымдастыру қажеттігі туындауда.

Осыған орай, аудандағы мемқызметкерлер профилактикалық шараға қатысты. Медициналық тексеру барысында қан қысымы, бойы мен салмағы, көздің қысымы өлшеніп, флюрография және электрокардиограммадан өткізілді.

Бұл шараға аудан бойынша барлық мемқызметкерлердің 80 пайызы қатысты.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

Qaratobe (3)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале