4.06.2019, 16:07
Оқылды: 67

Қаратөбеде мемлекеттік рәміздер күні тойланды

        Бүгін Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы рәміздері күніне орай «Елдігімнің белгісі» атты  салтанатты шара өтті.

  IMG_7724

      Салтанатты түрде Елтаңба мен Мемлекеттік Ту ортаға әкелініп, шараға қатысушы қауым еліміздің әнұранын орындады.

      -Бұл күн – мың өліп, мың тірілген қазақ елінің тарихындағы мәртебелі күн.

     Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін терең мазмұнды, айырықша маңызға ие нышандар. Еліміздің бар болмысы, өткені мен ертеңін бойына сіңірген мемлекеттік туымыз, елтаңбамыз бен әнұранымыз жүрегімізді мақтанышқа толтырады, - деді аудан тұрғындарын мерекемен құттықтаған аудан әкімі Жанат Асылханұлы.

61639971_435816577212468_841364173228081152_n

        Салтанатты жиында жастар атынан Ажаргүл Әлиқызы құттықтап барша қаратөбеліктерді рәміздер күніне арналған  «Мен елімді сүйемін!», «Менің Туым» және Геннадий Головкиннің 9 маусым күні өтетін жекпе-жегін қолдауға арналған GGG – Алға! акциясына қатысуға шақырды.

        Мерекелік шарада еліміздің туы, елтаңбасы мен әнұраны туралы өлеңдер оқылды.

                                                                                             Ерболат Райсов,

                                                                                             Қаратөбе ауданы 

                                                                                               zhaikpress.kz

IMG_7717

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале