1.05.2018, 15:45
Оқылды: 52

Қаратөбеде мерекелік концерт ұйымдастырылды

DSC_0232Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты мәдени-көпшілік шара аудандық мәдени-демалыс орталығы қызметкерлерінің аудан тұрғындарына арналған мерекелік бағдарламасымен жалғасты.

Мерекелік концертте Тастемірдің әні «Маңғыстауды» Нұршат Исламғалиев, Мұхит атындағы ОЖББМ ұжымының триосы «Батырлар ұраны», «Еліммен мақтанамын» әнін Нұрғиса Орынғалиев пен Мерей Амангелдиевтер, «Баласымын Қаратөбенің!..» әнін Айзат Сағызбай орындап, көпшіліктің қолдауына ие болды.

Сонымен қатар түрлі ұлт өкілдері әндерін әуеле шырқаған Рысгүл Жұмағалиева украин әні «Червуно руто», Аяжан Смағұлова «Одно калина», тәжік әні «Гиждала», өзбек әні «Ольма, ольманы» Альфия Исламова орындап, көрермен қошеметіне бөлінді.

Халықтар достығы мерекесінде мың бұралған бишілер де өнер көрсетті. Атап айтар болсақ, ұйғыр биі, орыс билерін «Алтын-ай» би тобы, «Достық» биін «Балдырған» балабақшасының тәрбиеленушілері және «Керім-ай» би тобының бишілері билеп берді.    

Мерекелік шара орталық алаңнан бастау алған велошеруге ұласты.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале