6.04.2018, 10:17
Оқылды: 41

Қаратөбеде мұғалімдер конференциясы өтті

kaeatobe 3Қаратөбе мектеп-гимназиясында аудандық педагогикалық конференция өтті.

«Рухани жаңғыру: білім және бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында өткен кеңесте сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан білім саласының қызметкерлеріне жас ұрпақтың бойына терең біліммен қоса ұлттық тәрбиені қатар сіңіру керектігін, өлке тарихын зерттеп білу, шәкірттерінің саналы, елжанды азамат болып қалыптасуына зор үлес қосуға шақырды.

Кеңестің күн тәртібі бойынша «Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жарқын жол» тақырыбында Жамбыл орта білім беретін мектеп-балабақшасы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кәмшат Олжатаева, «Рухани жаңғыру – ұрпақ тәрбиесінің ұйытқысы» тақырыбында Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығы директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Сағира Ақдөңова, «Рухани жаңғыру: кеше мен бүгіннің өнегесі» тақырыбында Соналы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлдана Орашева, «Рухани жаңғыру – ұлттық жаңғырудың бастауы» тақырыбында Шалғын орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Салтанат Сағынғалиева, «Абай ілімі және рухани жаңғыру» тақырыбында Б.Қаратаев атындағы Саралжын орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толқын Ашықова, «Рухани асыл қасиеттер ізетті ұрпақ бойында» тақырыбында Үшағаш орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлсая Әжіғалиевалар баяндама жасады.

karatobe 1«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәрбие және білім» бағыты бойынша жыл бойы атқарылған шаралар туралы пікірлерін білдірген Мұхит атындағы орта мектебі директоры Есен Ғұмаров пен Егіндікөл орта мектебі тәлімгері Еркінғали Жұбанов ойларын ортаға салды.

Конференцияға қатысушылар шара барысында аудандық балалар саз мектебі үйірмесі оқушыларының орындауында Құрманғазының «Саранжап», Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйлерін тыңдап, Қаратөбе мектеп-гимназиясы оқушыларының шығармашылық көрмесін тамашалады.

Конфереция жұмысына аудандық сарапшы Ертай Бимұханов қатысты.

Кеңесті аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев жүргізіп отырды.

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы

karatobe 2 karatobe

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале