13.02.2020, 9:52
Оқылды: 173

Қаратөбеде Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби жыр кеші өтті

Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастырумен өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби жыр кеші «Әр өлеңі - бір әлем» деп аталды.

qaratobe (3)

Халқына өшпес мұра қалдырған Мұқағали Мұқатаевтың поэзиясы мен лирикасы ұрпақтан ұрпаққа жалғасты.

Бүгінде Мұқағалидың өлеңдерін қызығушылықпен оқитын оқырман саны көп. Оған бүгінгі әдеби сазды кеште нақышына келтіріле оқылған ақынның өлеңдері куә. Сахнадағы экранда Мұғали ақынның отбасы және шығармашылығынан сыр шертетін бейнекөріністер көрсетілді. Ақынның қалам тартпаған тақырыбы жоқ болар. Ердің ерлігін, туған жерді, достықты, махабатты, сал-дәстүрді, әдет-ғұрыпты жырға қосқан. Оның өлеңдеріне жазылған әндер де көп. Кезінде қазақтың маңдайына біткен белгілі сазгерлер Нұрғиса Тілендиев пен қазақ вальсінің королы атанған Шәмші Қалдаяқов Мұқағалидың өлеңдеріне ән жазды.

Ақынға арналған әдеби жыр кешінде алғаш сахнаға шыққан қаратөбелік әнші Сымбат Нұршатқызы ақынның сөзіне жазылған «Бақыт» деген – сенің бала күндерің» атты Бақыт Жұмалиннің әнін тамша орындап, көрермен ықыласына бөленді.

qaratobe (6)

Ақынның жүректің түбіне жететін сырлы, ойландыратын отты  өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтқан Нұрлыбек Айтқалиевтің, Ерболат Шұғайұлының, Әсемгүл Сұлтанқұбиеваның, Гүлжауһар Елемесованың, Құрманай Ғатауованың, Ирина Жоламанованың  және тағы да басқа жыр кешіне қатысушылардың өнерлерін жыр сүйер қаратөбелік көрермендер үлкен тебірініспен тамашаласа, аудан әншілері Әлия Жолдығалиқызы «Есіңе мені алғайсың», Мереке Сағидуллин «Ұнатып ем, мен сені», «Сәби болғым келеді», Нұршат Исламғалиев «Фариза қыз», Жарқын Ғабдықызы «Күрең күз», Мерей Амангелдиев пен Аралбек Дүйсенов «Жарығым-ай», балғын әншілер Дилназ бен Гүлназ Амангелдиевалар «Қуанышыңмен» әндерін шебер орындап, көрермен қошеметіне бөленді.

qaratobe (7)

Сахнаға залдағы көрермендер арасынан Мұқағали ақынның өлеңдерін жатқа айтатындар шақырылды. Қаратөбелік ардагер ұстаз Халық Наурызалин «Үш тілегім», мектеп оқушысы Гүлназым Ғабдоллаева «Отан» өлеңін жатқа айтып берді.

Ерболат Райсов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале