28.12.2018, 10:43
Оқылды: 40

Қаратөбеде мұз айдыны ашылды

Бүгін Қаратөбе ауданының колледжінде мұз айдынының ашылу салтанаты өтті. Ұйымшыл ұжым алдында колледж директоры Мәулен Аманшаұлы құттықтау сөз сөйледі.

 qaratobe (2)

–Колледж студенттері мен ауыл жастарының уақыттарын тиімді пайдалануына бағытталған игі істің берері көп.

Мұз айдынының салынуы жастардың жаттығуына, мұз бетінде сырғанау шеберліктерін арттыруына, бұқаралық спортты және салауатты өмір салтын ұстануына зор ықпал етпек. Салуға белсене қатысқан игі істің жанашырларына алғысымыз шексіз, -  деді  колледж директоры Мәулен Салахадден.

Колледж студенттері мұз айдынында сырғанауды асыға күткендей,  сырғанап жүріп ән шырқап, түрлі жаттығу жасады. Мұз айдынының ұзындығы 30 метр болса, ені 20 метр. Мұз үстінде еркін сырғанауға толық мүмкіндік бар. Жарықшамдар орнатылған.

Кешкі сағат 19-дан 21-ге дейін қызмет көрсетеді.

qaratobe (1)

Ерболат  РАЙСОВ,

Қаратөбе ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале