24.03.2017, 14:10
Оқылды: 39

Қаратөбеде наурыз қоржын таратылды

Ұлыстың Ұлы күні Қаратөбе жерінде де сән-салтанатымен тойланды. Шараға қатысқан аудан әкімі Асхат Шахаров қаратөбеліктерді Наурыз мерекесімен құттықтады.

Бұдан соң аудан тұрғындары «Бабалар үні» атты театрландырылған көріністі тамашалады. Қойылымда аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары Аққозы, Жұмыр батырлардың, сонымен қатар өнер саңлақтары, атақты әнші-сазгерлер Мұхит Мерәліұлы мен Ғарифолла Құрманғалиевтің, күйші Ұзақтың бейнесін сомдап,халықтың ықыласына бөленді.

Орталық алаңдағы мерекелік думан ұлттық спорт ойындарынан тартысты додаға ұласты.

Айта кетейік, аудандық жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімі мүмкіндігі шектеулі жандарға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға наурыз қоржын таратса, аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен Қаратөбе ауылдық округі тегін ыстық тамақпен қамтыды. Сондай-ақ бұл күні Қаратөбе, Шөптікөл ауылдары кәсіпкерлері жиналған жұртшылыққа өз өнімдерін ұсынды.

 

Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                    Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале