21.05.2019, 12:29
Оқылды: 23

Қаратөбеде облыстық «Мерейлі отбасы» байқауына қатысатын жанұялар анықталды

Бүгін Қаратөбеде «Мерейлі отбасы – 2019» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздары анықталды.

 IMG_6760

 Шарада аудан әкімі Жанат Асантаев отбасы дәстүрі мен құндылықтарының маңыздылығына тоқталып, байқау жеңімпаздарын марапаттады.

 Сайысқа қатысушы отбасылар – бүгінде ауыл-аймағының маңдайалды жанұялары.

Өнерлі де өнегелі отбасылар сайысқа түскен байқау нәтижесінде I орынды жеңіп алған қаратөбелік Тажаяқовтар отбасы мен II орыннан көрінген жусандыойлық Ғабдуллиндер жанұясы байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.

Үшінші орынға Қаракөл ауылдық округінен келген Боранбаевтар жанұясы ие болды. Егіндікөлдік Ахбалиндерге төртінші орын берілді. «Ізденімпаз отбасы» аталымы бойынша аққозылық көп балалалы Тұрмағанбетовтар, «Талантты отбасы» аталымымен саралжындық Меңдіғалиевтер, «Өнерлі отбасы» аталымымен қоскөлдік Әжіғалиевтер, «Білімді отбасы» аталымымен сулыкөлдік Исмагуловтар марапатталды.

Раушан Мергенова,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

IMG_6772 IMG_6775

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале