10.01.2020, 18:47
Оқылды: 100

Қаратөбеде өрт сөндіру көліктері жетіспейді

Бүгін Қаратөбе ауданы әкімдігінде БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, подполковник Ақылбек Ахметжановтың қатысуымен жиын өтті.

qaratobe (2)

Онда өткен жылдағы атқарылған жұмыстар сараланды. Қаратөбе аудандық ТЖБ-ның бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Искаков жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталып, елді мекендерде орын алған өрт оқиғаларының шығу себептерін саралады. А Ақылбек Қосманұлы қауіптің алдын алу шараларын күшейтіп, мектептерде сақтық жұмыстарын қатаңдату қажеттігін айтты.

 Қаратөбе аудандық №18 өрт сөндіру бекетінің бастығы Ақболат Таскинов өрт сөндіру машиналары керектігін, жеке құрамды арнайы киіммен қамтамасыз ету де жеткіліксіздігін алға тартты.

Жиын соңында БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, подполковник Ақылбек Қосманұлы жауапты мекемелерді техникамен жабдықтау және басқа да мәселелер алдағы уақытта оң шешімін табатынын жеткізді.

Әрі төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтына оқушыларды тарту мәселесін де сөз етті.

Тұрсынай Боранбайқызы

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале