17.05.2018, 13:57
Оқылды: 30

Қаратөбеде өрттің алдын алу жұмыстары пысықталды

Бүгін Қаратөбе ауданында төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мүшелерінің қатысуымен аудан көлемінде 2018 жылғы табиғи өрттің алдын алу және оны жою, күштер мен құралдардың шомылу маусымына дайындығы және судағы адам өлімінің алдын алу шаралары жөнінде отырыс өтті. 

 Комиссия отырысына аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Иманғалиев төрағалық етіп, күн тәртібіне бірнеше мәселе қойды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз сөйлеген аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Махамбет Маралұлы:

- Аудан көлемінде ағымдағы жылғы табиғи өрттің алдын алу бойынша өртке қарсы ерікті құрылымдар құрылды. Атап айтқандай,  8 елде мекеннен 181 ерікті адам, 41 техника және 129 аспалы өрт сөндіргіш жасақталды. Далалық өрттің өршуі дала жануларының шекаралас тұрған аудан аумақтарынан таралуы, уақытылы шұғыл әрекет жасалмауы, инженерлік техникалардан және ауа райының қолайсыздығы негізгі себептер болып табылды. Осы орайда табиғи өртті ерте аңықтау мақсатында аудан аумағында ғарыштық мониторг жүргізілді. Суға шомылу маусымына орай аудандық ТЖБ қызметкерлерімен бірлесіп, адамдар жаппай суға шомылатын жерлерге рейдтер ұйымдастырылып, ескертпе парақшалар таратылды, - дейді бас инспектор.

Күн тәртібіндегі келесі мәселелер бойынша сөз алған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ержан Бақтығалиев баяндаса, Егіндікөл ауылдық округінің әкімі Абат Зейнуллин, Суылыкөл ауылдық округінің бас маманы Тоймырза Нұрбергенов ауыл шарушылығы техникаларының техникалық жайдайын, соның ішінде өрт қауіпсіздігіне тексеру жүргізуді ұйымдастыру, ауылдық округтер бойынша жаз мезгіліне дайындығы жөнінде хабарлама жасады.

Комиссия отырысын қорытындылаған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Нәсіпқалиұлы ауылдық округ әкімдеріне және тиісті мекеме басшыларына ерікті жасақтың тізімін жасақтау, суға шомылу маусымына орай ескертпелер таратылып, түсінік жұмыстарын жүргізу, техникалық байқаудан жарамсыз деп танылған техникалардың далалық маусымдық жұмыстарға шығуын шектеу, өрт кезіңде шаруа қожалықтарының техникаларын жұмылдыру жөнінде келісімшарт жасасу керектігін тапсырды.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

 

                                                                                                                                         

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале