18.01.2017, 9:41
Оқылды: 33

Қаратөбеде пойыз бен ұшақ билеттері сатылады

Karatobe poezd  Мұндай қызметті жыл басынан бері Қаратөбе аудандық пошта байланыс торабы  да бастады. Қалаға барып, әуре болмай-ақ аудан орталығындағы пошта байланыс торабынан қалаған бағытқа әуе және пойыз билеттерін сатып алу тұрғындар үшін тиімді мүмкіндік болып отыр.


  Сондай-ақ елордамыз Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне билеттер сатып алуға да мүмкіншіліктер бар. Жол жүру тасымалын таңдау жолаушы-тұрғындар еркінде. Билеттерді тез әрі ыңғайлы уақытта кедергісіз алуға толыққанды жағдай жасалынған.

Маралбек АМАНТАЕВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале