26.06.2019, 15:15
Оқылды: 131

Қаратөбеде республикалық экспедиция басталды

Бүгін Қаратөбеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Тарихқа аты мәлім Қаратөбе» атты республикалық экспедиция басталды.
IMG_5826-26-06-19-10-54
Экспедицияны Қаратөбе ауданы әкімдігі, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Мұxит жастары» ЖҚБ, «Ізгілік» ҚБ және аудандық «Руxани жаңғыру» кеңсесі ұйымдастыруда.
 IMG_5825-26-06-19-10-54
Алдымен меймандар аудан орталығындағы Қажым Жұмалиев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Жанат Асантаев экспедиция жұмысына сәттілік тілеп, экспедиция жалауын Нұрлан Құмарұлына табыстады.
IMG_5831-26-06-19-10-54
Айта кетейік, республикалық экспедицияға Шымкент қаласынан, Батыс Қазақстан облысының барлық аудандарынан делегаттар қатысуда.
Маралбек Амантаев,
Қаратөбе аудандық
жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының маманы
IMG_5829-26-06-19-10-54 IMG_5824-26-06-19-10-54
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале