20.06.2019, 16:14
Оқылды: 132

Қаратөбеде республикалық экспедиция өтеді

Қаратөбе ауданында 26-27 маусым күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Тарихқа аты мәлім Қаратөбе» атты республикалық экспедиция өтеді.

 1442019-06-17-09-27-25

Экспедицияны Қаратөбе ауданы әкімдігі, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Мұxит жастары» ЖҚБ, «Ізгілік» ҚБ және аудандық «Руxани жаңғыру» кеңсесі ұйымдастырады.

Экспедиция барысында дөңгелек үстел және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен брифинг өткізіледі. Қонақтар Қаратөбе ауданындағы киелі жерлер мен мәдени орындарды аралайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале