14.10.2019, 15:59
Оқылды: 174

Қаратөбеде Сағадат Рахметжановтың шығармашылық кеші өтті

Қаратөбе ауданында «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші Сағадат Рахметжановтың 60 жас мерейтойына орай «Мен де бір серің едім, ән өнерін дәріптеген» атты шығармашылық кеші өтті.

qaratobe (4)

Концерт барысында ән өнерінің дүлдүлі, Ғарифолланың төл шәкірті Сағадат Ғабдынасырұлы ұстазымен қалай кездескенін, ән өнеріне келу баспалдағынан бастап баяндап, кеш шымылдығын «Шандоз» әнімен ашты.

Ғарифолла мен Мұхиттың ғана емес, өңірімізден шыққан басқа да әншілердің де тасада қалған әндерін жаңғыртып, насихаттап жүрген өнер жанашыры «Нарын», «Қисса» сынды әндерді шырқады.

Әншінің шашбауын көтеріп келген домбырашы Берік Шаймарданов «Ұзақ Ақжелең», «Хамаң толғауы», «Шалқыма» күйлерін орындап, тындарманның делебесін қоздырса, жезтаңдай әнші Айбар Хайырханов пен Алина Оспанова «Ақбақай», «Қыз сыны», «Нет тебя прекрасней» әндерін шырқап, Шәмшінінің шығармашылығынан попурри орындады.

qaratobe (5)

Сағадат Ғабдынасырұлының ән өнеріндегі үзеңгілес інісі Серік Әбдірахманов Ғарифолланың «Оралым» әнін орындады. Ал Сағадат Рахметжанов ән сүйер қауымды дәстүрлі ән өнерінің маржандарымен сусындатып, қошеметке кенелді.

Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Кәрелұлы дәстүрлі әншіні мерейтойымен құттықтап, иығына шапан жапты.

Тұрсынай Боранбайқызы

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале