16.05.2019, 11:18
Оқылды: 15

Қаратөбеде сайлауалды дайындық пысықталды

Қаратөбе ауданында кезектен тыс өтетін Президент сайлауына орай учаскелік комиссия мүшелерін дайындау семинары өтіп, тестілеу жүргізілді.

 IMG_6603

Жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалының жетекші эксперті Айгүл Қазиева, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Жүсіпқали қатысты.

Семинарда аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Айбар Әбденов халықтың сайлау алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында, дауыс беруге арналған орындардың тазалығы, барлық сайлау учаскелерінде медицина қызметкерлерінің болуы, олардың қажетілігі туындаған жағдайда жедел көмек көрсетуі жөнінде түсіндірді.

Бұдан кейін сайлау заңдылықтары бағытында Бақытжан Жүсіпқали, Айбар Әбденов, Есенжол Ғабдыраш, Гүлжайна Ермұхамбетова дәріс оқып, тестілеу жүргізді. Тестілеу нәтижесінде аудандағы 19 сайлау учаскесінің 99 комиссия мүшесіне сертификат табысталды.

Раушан Мергенова,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

IMG_6633

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале