31.03.2020, 18:43
Оқылды: 155

Қаратөбеде санитарлық дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді

Елімізде орын алған эпидемиологиялық жағдайға орай індеттің алдын алу және Қаратөбе ауданы тұрғындарын аурудан қорғау мақсатында бірқатар шаралар қолға алынуда.
17905B0C-178B-4EAE-BCA0-1AF155ACA1D3
Карантиндік шаралардың күшейтілуіне байланысты Қаратөбе ауданы орталығындағы халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда санитарлық дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

17150A74-0D32-4072-A362-1CD86D84B449
Аудан орталығында қолға алынған жаппай залалсыздандыру жұмыстарын аудандық ветеринариялық станциясының және Қаратөбе ауылдық округі әкімдігі қызметкерлері бірлесіп жүргізді.

D52F4AC3-EAF5-4584-AD5C-5C0FB5233FEE

Арнайы қорғаныс киімін киген мамандар халық көп жиналатын мемлекеттік нысандар мен сауда орындарын, аялдамаларды, жаяу жүргінші жолдарын жұқпалы ауруларға қарсы қолданылатын сұйықтықпен залалсыздандырды. Сақтық шаралары алдағы уақытта да жүргізілетін болады.

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале