10.07.2017, 18:30
Оқылды: 52

Қаратөбеде шағын футболдан жарыс өтті

DSC_0015Қаратөбе ауданында Астана күніне орай шағын футболдан аудандық жарыс өтті.


Бұл жарысқа 6 ауылдық округен келген  аяқдоп шеберлері жасыл алаңда өзара мықтыны анықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Қаратөбе ауылдық округінің командасы иемденіп, жеңімпаз атанды. ІІ орын Жусандыой ауылдық округінің командасына бұйырса, ІІІ орынды  Қоскөл ауылдық округінің ойыншылары қанағат тұтты.

Жекелей үздік ойын өрнегін көрсеткен ойыншылар түрлі аталымдар бойынша марапатталды. Атап айтсақ,  Бауыржан  Шүрмен  «Үздік шабуылшы», Наурызбек Қуандықов «Үздік қорғаушы», Заманбек Тілепберген «Үздік қақпашы» аталымдарымен марапатталды.

Маралбек АМАНТАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале