9.01.2019, 15:58
Оқылды: 18

Қаратөбеде шаңғы тебу эстафетасы өтті

Қаратөбе ауданында шаңғы тебу эстафетасы ұйымдастырылды. Эстафетаны қаратөбеліктер Шыңғырлау ауданынан қабылдап, көршілес Сырым ауданына жолдады.

 qaratobe (1)

Эстафетаға аудан әкімі Ж.Асантаев пен мекеме басшылары, аудан тұрғындары мен жастар қатысты.

Бүгінде ауданда халықтың спортпен айналысуына барлық мүмкіндік жасалып отыр. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәліметіне сәйкес, аудан бойынша 1 спорт кешені, 1 спорт клуб, 7 спорт алаңы, 12 білім беру ошақтарындағы спорт зал, «Қаратөбе» спорт клубында фитнес орталық және Сулыкөл ауылында ашылған спорт алаңы бар. 2018 жылдың қорытындысы бойынша спортпен шұғылданушылар саны 30,26% яғни, 4689 адамды құрады.

qaratobe (4)

qaratobe (3)Ажаргүл Әлиева,

Қаратөбе ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале