15.12.2017, 12:07
Оқылды: 51

Қаратөбеде шаруалар марапатталды

Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.

Шарада аудан әкімі Жанат Асантаев барлық ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде ауыл шаруашылығы ел экономикасының басты драйверіне айналуы керектігіне тоқталып, еңбек етем деушілерге мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар бар екенін атап өтті.

Жиында ауыл шаруашылығы саласында қызмет етіп жүрген бірқатар шаруаны облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының, облыстық ветеринария басқармасының және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Кезегінде сөз алған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Есенжол Ғабдыраш:

- Бүгінгі таңда мал басының санын емес, сапасын да жақсартуды басты назарда ұстап отырмыз. Осыған орай асыл тұқымды мал басын ұстауға күш салынып келеді. Қазіргі кезде ауданның 9 шаруашылығы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын, екі шаруашылық асыл тұқымды қой малын өсірумен айналысуда. Мемлекеттік «Алтын асық», «Сыбаға», «Құлан» бағдарламалары бойынша төрт түлік алу жағы кемшін соғып отырғаны көңіл қынжылтады. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша биылғы жылы 147 бас ірі қара мал басы сатып алынса, «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша мал алуға шаруашылықтар тарапынан қызығушылық болмады.Үш ауыл шаруашылығы кооперативі мал басының көлеміне қарай жер телімдерін рәсімдеп, құжаттарын заңдастырды. Кооператив жұмыстарының басым бағыты ірі қара малын тұқымдық түрлендіру, мал бордақылау жұмыстарын жүргізуде, - деді.

Мерекелік шара аудандық мәдени демалыс-орталығының көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Түс ауа аудан әкімі Жанат Асантаев Қоскөл ауылдық округіндегі асыл тұқымды ірі қара малын өсіруді қол алған «Жолымбет», «Мөлдір» шаруа қожалықтарының тыныс-тіршілігімен танысты.

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале