29.11.2017, 10:25
Оқылды: 34

Қаратөбеде «Sport Fest Kazakhstan» спартакиадасының аудандық кезеңі өтті

Жуырда  Қаратөбе ауданы мектеп оқушылары арасында «Sport Fest Kazakhstan» атты мектеп спартакиадасының аудандық кезеңі өтіп, үздіктер аңықталды.

16 команда қатысқан спартакиадаға ауданның әр мектептерінің намысын қорғай келген балғын спортшылар шахмат, тоғызқұмалақ, баскетбол, футзал, әскери қолданбалы спорт түрлері және үстел теннисі сынды 6 спорт түрінен өзара сынға түсті.

Спартакиаданың қорытындысында жалпы командалық есепте Қаратөбе мектеп-гимназиясы І орын, Мұxит атындағы орта мектеп ІІ орын, Жамбыл мектеп-балабақшасы ІІІ орынды иеленді.

Айта кету керек, 6 спорт түрінен өткен спорттық сайыста топ жарып шыққан жеңімпаздар облыстық спартакиадада аудан намысын қорғамақ.

 Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале