8-707-808-48-55
Қаратөбеде тамыз кеңесі өтті

Қаратөбе ауданында кезекті педагогикалық тамыз кеңесі өткізілді.

janartylgan (2)

          Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев білім беру саласы бойынша ауданның 2017-2018 оқу жылындағы жетістіктер, жаңа оқу жылына арналған жоспарлы жұмыстар мен ұстаздар қауымының алдағы мақсат-міндеттері туралы қысқаша баяндады.

Шарада БҚО білім басқармасының басшысы Ш.Қадырова бастап келген білім саласының мамандары облыс бойынша білім саласындағы жетістіктер, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, оқу сапасы мен тәрбие жұмысы, «Жаңартылған білім беру мазмұны» бағдарламасының ерекшеліктері мен нәтижелері, пәндерді үш тілде оқытуды дамыту және тағы да басқа атқарылып жатқан  жұмыстар туралы айтты.

Жиында Жамбыл мектебінің жаратылыстану және география пәнінің мұғалімі, М.Өтемісов атындағы БҚМУ түлегі, жас маман Елдос Өтегенов өзі сынды жастарды туған жер төсінде қызмет етуге шақырды.

Кеңесте Қаракөл мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Жуминаға ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құмет грамотасы», аталмыш мектептің тарих пәнінің мұғалімі А.Əлжановаға ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаты және бір топ аудан ұстаздарына БҚО білім басқармасының Құрмет грамотасы табыс етілді.

Сонымен қоса, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Ғарапшиев, Жамбыл мектебінің математика пәнінің мұғалімі А.Дүйсенов «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Г.Сағынова мен Б.Аманшин атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Мұқанова Құрмет грамотасымен марапатталды. Ал аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтан бір топ аудан ұстазына аудан әкімінің алғыс хатын берді.

Ерболат РАЙСОВ,

Қаратөбе ауданы

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Пікір қалдыру