15.12.2017, 16:02
Оқылды: 23

Қаратөбеде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті

Бүгін Қаратөбе ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты шара өтті. 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты шарада аудан басшысы Жанат Асантаев құттықтау сөз сөйлеп, мерекеге орай ауданның өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген бір топ сала маманын марапаттады.

Сонымен қатар осы күні «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында «Сұңқар» ЖШС мердігерлік компаниясы тұрғызған 5 тұрғын үйдің кілті табыс етілді.

Мерекелік салтанатты жиынға қатысып, қаратөбеліктерді мерекелерімен құттықтаған Батыс Қазақстан облыстық ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағамбетов Батыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасын Қалдығайты ауылдық дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Райса Аралбаеваға, «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалы - Қаратөбе аудандық «Қаратөбе өңірі» қоғамдық-саяси газетінің редактор-директоры Ертай Бимұхановқа, аудандық балалар кітапханасы бөлімінің меңгерушісі Қымбат Ержановаға, Төлен негізгі жалпы білім беретін мектебінің директоры Ләззат Қойтанбайға, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Жора Жанғазиевке, аудандық мәслихат депутаты, Қалдығайты ауылдық дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі Гүлмира Тілеуғалиеваға Батыс Қазақстан облысы әкімі мен Батыс Қазақстан облыстық мәслихат хатшысының бірлескен Құрмет грамотасын табыстады.

Мерекелік шара аудан көркемөнерпаздарының «Тәуелсіздік –тұғырлы ел» концерттік бағдарламасына ұласты.

 

                                                                        Ерболат РАЙСОВ,

                                                                      Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале